Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Евгений Алексеевич Сахаров

Евгений Алексеевич Сахаров,

Ұлы Отан соғысына қатысушы

 

1918 жылы 5 ақпанда Тула облысы, Тепло-Огарев ауданы, Успен кентінде дүниеге келген. 1938 жылы Алматы институтының агрономия факультетіне оқуға түседі, бірақ оқуға қаражаттың жоқтығынан бітірмейді. Мұғалімдер жетіспегендіктен, Е.А. Сахаров биология, химия және физика мұғалімі болып жұмыс істеуге жіберілді. 1942 жылдың наурыз айында Семей қаласындағы әскери училищеге жіберіліп, 1942 жылдың мамыр айына дейін майданға жіберілді. Воронеж маңында ауыр жарақат алып, ауруханада болды. Медициналық комиссияның қорытындысы бойынша ол мүгедек деп танылып, үйіне қайтарылды, мұғалім болып жұмыс істеді. 1945 жылы Е.А. Сахаров тұрақты емес қызметке жарамды деп танылып, Ульяновск қаласындағы әскерге шақырылды. Онда ол әскери тұтқындарды айдауылдап, күзететін. 1946 жылы әскерден қайтқаннан кейін Черемшанка кентіне келіп, сырттай пединститутқа оқуға түсіп, оны 1952 жылы бітіріп, мұғалім, оқу меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс істеді. 1985 жылы Лисаков қаласына келді.

 

Марапаттары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, "1941-1945 жылдардағы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдары, Кеңес Одағының маршалы Г. К. Жуков

 

Ақпарат және фото Н.Кузнецов атындағы мұражайдың директоры Л.И. Федоровадан келіп түсті (қоғамдық мұражай Лисаков техникалық колледжінде жұмыс істеді).

 

 

Е. А. Сахаров, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.